"Бәсекеге қабылетті жастар" атты тақырыбында жастармен кездесу

«Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады», – дейді Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында.
Осыған орай, бүгін Coworking орталығында «Nur Otan» партиясының «Жастар Отанға» партиялық жобасы аясында "Бәсекеге қабылетті жастар" атты тақырыбында жастармен кездесу өтті.

TEDx форматында өткен басқосуда қоғам белсендісі Қалиев Ерлан жастарға бәсекеге қабілетті жас болу үшін білім алудың маңыздылығын, сонымен қатар ораторлық қабілеттерді дамытуды, қоғамдық ортада сөйлеу мәдениетін қалыптастыру жөнінде айтып өтті. Жиында бас қосқан жастар өз сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерді талқылады.
