Бәсекеге қабілетті жастармен кездесу өтті
«Nur Otan» партиясы Кербұлақ аудандық филиалының ұйымдастыруымен жиын өтті. Жиынның басты мақсаты «Бәсекеге қабілетті жастар» және «Жастар Отанға» 2025 жылға дейінгі бағдарламасын таныстыру, өңірлік жол карталарының аймақ дамуына берер серпінін таразылау. Жиын барысында аудандық партия филиалының есеп және статистика сектор меңгерушісі Е. Асанов жастар қоғамның қозғаушы күші ретінде бағаланады, сондықтан да жастар білімге құштар, еңбекқұмар, ізденімпаз, әрдайым жаңашылдыққа жаны құмар болуы керек деп айтып өтті. Жиын барысында жастар жан-жақты пікір алмасып, мазалаған сауалдарына жауаптарын алды.
