“Бәсекеге қабілетті жастар” тақырыбында ауыл жастарымен кездесу өтті
Nur Otan” партиясы Бөкей ордасы аудандық филилы төрағасының бірінші орынбасары Аққалиев Мейрамбек Сағынғалиұлы “Бәсекеге қабілетті жастар” тақырыбында ауыл жастарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында жастардың тарихты танып, өткенді құрметтеуге, ата-баба дәстүрін ұлықтап, еліміздің ертеңі үшін білімді болуға және де қайырымдылық шараларға атсалысып, қоғамда белсенді болудың қаншалықты маңызды екенін айта өтті. Сонымен қатар басқа да тақырыпта пікір алмасып, ортаға салынған ойлар таразыланды.
