Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Б. Сапарбаев қайырымдылық қорларын әлеуметтік мәселелерді шешуде күш біріктіруге шақырды

Б. Сапарбаев қайырымдылық қорларын әлеуметтік мәселелерді шешуде күш біріктіруге шақырды

Сәрсенбі, 5 маусым күні Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде қайырымдылық іс-шараларын дамыту мәселелері бойынша кеңес өтті.

Кеңес жұмысына ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Сәуле Айтпаева, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Жұлдыз Омарбекова, 23 қайырымдылық қорының басшылары, сондай-ақ еліміздің барлық өңірлерінің өкілдері қатысты.

Кездесуді ашқан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев қайырымдылық қорларының басшыларына алғыс айтты.

«Тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап Тұңғыш Президент – Елбасы мұқтаж азаматтар мен халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға ерекше көңіл бөледі. Сіздердің қайырымдылық істеріңіз әлеуметтік мәселелерді шешуге, ана мен баланы, жетім балаларды, мүмкіндігі шектеулі адамдарды, көп балалы және мұқтаж отбасыларды қолдауға елеулі үлес қосады. Сіздердің қызметтеріңіз әлеуметтік жауапкершілік пен елдегі азаматтық қоғамды дамытудың үлгісі болып табылады», - деді Сапарбаев.

Кеңеске қатысушылар тәжірибе алмасып, қайырымдылықты дамытудың, азаматтардың әлеуметтік осал санаттарын қолдаудың, мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының өзекті мәселелерін талқылады.

Атап айтқанда, «Сәби» қорының президенті Әсел Тасмағамбетова әкімдіктерге «Инватакси» қызметін дамытуға ерекше көңіл бөлуді сұрады. «Мүгедектерге – лайықты өмір» жобасы аясында Қор 40 мыңнан астам мүгедекке «Инватакси» қызметінің тегін қызметін көрсетеді.

«Мүмкіндігі шектеулі мыңдаған адам жұмыс істейтін азаматтардың қатарын толықтыра отырып, толыққанды еңбек ете алады. Біз Алматыда 2009 жылы «Инватакси» іске қосылғанда қаланы білмеген мүгедектер болды, себебі жыл бойы пәтерде отырып, шығуға мүмкіндігі болмаған», - деп атап өтті ол.

«Қасиетті жол» қоры 2011 жылы құрылды. Ең алдымен, біз тоғыз сәбилер үйінде оңалту бөлімшелерін аштық, себебі дәл сол жерде түрлі диагнозы бар балалар көп. Биыл елордада 50 бала оңалтудан өтті, олардың 15-ін асырап алды, қалғандары аяқтарына тұрды. Біз үшін бұл үлкен жеңіс. 2014 жылдан бастап біз Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалаларында екі оңалту орталығын аштық. Бүгінде 1677 бала ең үздік әлемдік әдістемелер бойынша осындай көмек алады", - деді Қордың құрылтайшысы Динара Закиева.

BI Group холдингінің 3500 қызметкері мен 60 бөгде донорды біріктіретін "BI-Жұлдызай" корпоративтік қайырымдылық қорының қызметі туралы қор директорының орынбасары Алмагүл Сәлімбаева айтты. Мәселен, өткен жылы Қор Алматы, Атырау қалаларында медициналық оңалту орталықтарын, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласында ерте оңалту кабинетін ашты. Жалпы алғанда, 5 жыл ішінде 4-тен 13 жасқа дейінгі 69 бала өздерінің алғашқы қадамдарын жасады. 479 операция, 6527 консультация беру және қазақстандық дәрігерлерді оқыту жүргізілді. «Менторлық» бағдарламасы бойынша еліміздің түрлі өңірлерінен келген 288 хирург үшін 70 мастер-класс өткізілді және 8 мыңнан астам бала оңалту іс-шараларының кешенінен өтті.

Сенатор С. Айтпаева қайырымдылық қорларының басшыларына алғысын білдіріп, осы жұмыстың одан әрі дамуына назар аударды.

«Қазақстанда жыл сайын қайырымдылықтың жақсы үлгілері артып келеді, осы ретте жекелеген қорлардың ерекше рөлін атап өткен жөн. Сіздерде азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсетудің үлкен тәжірибесі бар. Министрліктің диалог алаңында біз қайырымдылық қорлары қызметіндегі проблемалық мәселелерді талқылай аламыз деп санаймын. Өз кезегінде, Министрлік жан-жақты қолдау көрсетуге дайын. Біз мемлекет пен қоғам өз күш - жігерін біріктірген кезде ғана оң нәтижелерге қол жеткізе аламыз», - деді Бердібек Сапарбаев.

Бердибек Сапарбаев призвал благотворительные фонды объединить усилия в решении социальных проблем

В среду, 5 июня, в Министерстве труда и социальной защиты населения РК состоялось совещание по вопросам развития благотворительной деятельности.

В работе совещания приняли участие депутат Сената Парламента РК, уполномоченный по защите прав детей Сауле Айтпаева, вице-министр информации и общественного развития Жулдыз Омарбекова, руководители 23 благотворительных фондов, а также представители всех регионов страны.

Открывая совещание, министр труда и соцзащиты населения Бердибек Сапарбаев поблагодарил руководителей благотворительных фондов.

«С первых дней обретения Независимости Первый Президент – Елбасы уделяет особое внимание поддержке нуждающихся граждан и социально уязвимых слоев населения. Ваша благотворительная деятельность вносит существенный вклад в решение социальных проблем, поддержку материнства и детства, детей-сирот, лиц с ограниченными возможностями, многодетных и нуждающихся семей. Ваша деятельность является примером социальной ответственности и развития гражданского общества в стране», - сказал Сапарбаев.

Участники совещания обменялись опытом и обсудили актуальные вопросы развития благотворительности, поддержки социально уязвимых категорий граждан, взаимодействия государства и общества.

В частности, президент фонда «Сәби» Асель Тасмагамбетова обратилась к акиматам с просьбой уделить особое внимание развитию услуги «Инватакси». В рамках проекта «Инвалидам – достойную жизнь» фондом оказывается бесплатная услуга службы «Инватакси» более 40 тыс. инвалидам.

«Тысячи людей с ограниченными возможностями могут полноценно трудиться, пополнив ряды работающих граждан. Когда мы запустили «Инватакси» в Алматы в 2009 году были такие инвалиды, которые не узнали город, потому что годами сидели в квартире, не имея возможности выехать», - отметила она.

«Фонд «Қасиетті жол» был образован в 2011 году. Первым делом мы открыли реабилитационные отделения в девяти домах малютки, поскольку именно там много детей с различными диагнозами. В этому году в столице 50 детей прошли реабилитацию, из них 15 детей усыновили, остальные в основном встали на ноги. Для нас это большая победа. С 2014 года мы открыли два реабилитационных центра в Нур-Султане и один в Шымкенте. Сегодня 1677 детей получают такую помощь по самым лучшим мировым методикам», - рассказала учредитель фонда Динара Закиева.

О деятельности корпоративного благотворительного фонда «BI-Жұлдызай», который объединяет 3500 сотрудников холдинга BI Group и 60 сторонних доноров, рассказала заместитель директора фонда Алмагуль Салимбаева. Так, в прошлом году фондом открыты медицинские реабилитационные центры в гг.Алматы, Атырау, а также кабинет по ранней реабилитации в г.Нур-Султан. В общей сложности за 5 лет 69 детей в возрасте от 4 до 13 лет сделали свои первые шаги, хотя многих из которых ждала перспектива неподвижной жизни. Проведено 479 операций, 6527 консультаций и обучение казахстанских врачей. По программе «Менторство» организовано 70 мастер-классов для 288 хирургов из разных регионов страны и более 8 тысяч детей прошли комплекс реабилитации.

Сенатор С.Айтпаева также выразила признательность руководителям благотворительных фондов, обратив внимание на дальнейшее развитие данной работы.

«В Казахстане с каждым годом становится все больше хороших примеров благотворительности, при этом необходимо отметить особую роль отдельных фондов. Вы имеете огромный опыт оказания социальных услуг гражданам. Полагаю на диалоговой площадке нашего Министерства мы сможем обсуждать имеющиеся проблемные вопросы в деятельности благотворительных фондов. В свою очередь, Министерство готово оказывать всестороннюю поддержку. Положительных результатов мы сможем достичь лишь тогда, когда государство и общество объединят свои усилия», - заключил Бердибек Сапарбаев.

0
0
332

Осы тақырып бойынша

Б. Сапарбаев қайырымдылық қорларын әлеуметтік мәселелерді шешуде күш біріктіруге шақырды - Yvision.kz