Бұрынғы кезде халқымыз көбінше егін және мал шаруашылығымен айналысатын еді.
Бүгінде өз кәсіптерін ашып, сол кәсіптерін дөңгелетіп отырғандар қаншама. Елінің нағыз патриот азаматы "Елім маған не береді деп емес, мен еліме не беремін?" - деген ойда болса керекті. Ауданымызда кәсібінен нәсібін көріп отырған азаматтар жетерлік. Олардың да мемлекетке айтар алғыстары көп.Бүгін "Nur Otan" партиясы аудандық филиалы ғимаратында партия белсенділері мен Саяси кеңес мүшелері кәсіпкерлермен сайлаудың нәтижелерін қолдау бойынша кездесу өткізді.Басқосуда кәсіпкерлерге сайлауда партияға қолдау көрсеткендеріне ризашылық білдірді. Сайлауалды бағдарламасында айтылғандай алдағы уақытта кәсіпкер азаматтарға да көптеп қолдау көрсетілмек. Кәсіпкерлер де осы ретте партияға деген үлкен сенімдері мен үміттерін артатындығын жеткізді.
