Мазмұнға өту
Обложка сообщества Новости

Бұрын берілген нұсқамалар бойынша мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру

Департаменттің функцияларының бірі мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы заңнаманы сақтау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады. Мемлекеттік бақылау шеңберінде Департамент бұзушылықтарды жою туралы бұрын берілген нұсқамаларды тұрақты негізде бақылайды.

Осылайша, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы А.Т. Тоқмағанбет Амангелді және Жангелдин аудандарының мемлекеттік мекемелерінде, сондай-ақ Жангелдин ауданының, Тобыл кентінің және "Қазпошта" АҚ ҚОФ Б. Майлин ауданының пошта байланысының аудандық бөлімшелерінде мүгедектігі бар адамдар үшін объектілердің қолжетімділікпен қамтамасыз етілуін сақтау тұрғысынан бақылау тексерулерін жүргізді.

Осы тексерулер нәтижесінде Амангелді және Жангелдин аудандарының мемлекеттік мекемелері орын алған барлық бұзушылықтарды жойды. Ал "Қазпошта" АҚ ҚОФ-на қатысты мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік орган бұрын берген нұсқамаларды орындамағаны үшін әкімшілік іс қозғалды.

Естеріңізге сала кетейік, мүгедектердің әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне қол жеткізуін қамтамасыз етпегені үшін ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік шарасы қарастырылған.

Лауазымды тұлғаларға (мемлекеттік құрылымдар басшыларына) қатысты айыппұл сомасы 50 АЕК немесе 146 мың теңгені, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 120 АЕК немесе 350 мың теңгені, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 200 АЕК немесе 583 мың теңгені және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 400 АЕК немесе 1 167 мың теңгені құрайды.

***

Одной из функций Департамента является осуществление государственного контроля в сфере соблюдения законодательства в области социальной защиты инвалидов. В рамках государственного контроля Департаментом на постоянной основе контролируются ранее выданные предписания об устранении нарушений.

Так, главным специалистом отдела по контролю в сфере социальной защиты населения Токмаганбет А.Т. проведены контрольные проверки в государственных учреждениях Амангельдинского и Джангельдинского районов, а также районных отделений почтовой связи Джангельдинского района, п. Тобол и района Б. Майлина Костанайского областного филиала АО «Казпочта» на предмет соблюдения обеспеченности объектов доступом для лиц с инвалидностью.

В результате проведенных проверок государственные учреждения Амангельдинского и Джангельдинского районов устранили все имеющиеся нарушения. А вот в отношении КОФ АО «Казпочта» возбуждено административное производство за неисполнение ранее выданных государственным органом в сфере социальной защиты инвалидов предписаний.

Напоминаем, за необеспечение инвалидам доступа к объектам социальной и транспортной инфраструктуры предусмотрена мера административной ответственности в соответствии с Кодексом РК об административных правонарушениях в виде штрафа.

Сумма штрафа в отношении должностных лиц (на руководителей государственных структур) составляет 50 МРП или 146 тыс.тенге, на субъектов малого предпринимательства составляет 120 МРП или 350 тыс. тенге, на субъектов среднего предпринимательства 200 МРП или 583 тыс. тенге и на субъектов крупного предпринимательства 400 МРП или 1 167 тыс. тенге.

0
0
256

Осы тақырып бойынша