ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Бөрлі ауданының сайлауалды бағдарламасының Жол картасында белгіленген іс-шаралардың орындалуы туралы

Бүгін, "Nur Otan" партиясы Бөрлі аудандық филиалының төрағасы М.Сатқановтың төрағалығымен фракция отырысы өткізілді. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы бойынша «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Сайлауалды бағдарламасының іске асыруы бойынша іс-шаралар жоспары - Жол картасымен талқылау бойынша аудан әкімінің орынбасары Е.Ихсанов сөз сөйледі. Содан соң депутаттар М.Муфтеева, Б.Дюсенов және М.Дияров жол картасының орындалуы туралы пікірлерін білдіріп, жол картасы бойынша аталған іс-шаралар жоспарының орындалуы және қадағалауы бойынша жұмыстанатындарын айтып өтті.
Жол картасы талқыланып, әрбір бағыт бойынша нысаналы индикаторлармен мерзімдер қойылып, фракция мүшелерінен жауапты орындаушылар белгіленіп, филиалдың Саяси Кеңес Бюросына бекітуге жолданды.
Елбасы, партия Лидеры Н.Назарбаев: - "Nur Otan" партиясының депутаттары әрбір өңірде, қала мен аудандарда барлық сайлауалды міндеттемелердің орындалуына жүйелі бақылауды қамтамасыз етуі тиіс" - деген болатын. Сондықтан да, халықтың сенімінен шығу үшін депутаттарға үлкен жүк артылып отыр.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Бөрлі аудандық мәслихатындағы "Nur Otan" партиясы фракциясының 2021 жылға арналған жұмыс жоспарымен «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М. Махауова таныстырып, филиалдың Саяси Кеңес Бюросына келісім алуға ұсынды.