Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бөрлі ауданында мемлекеттік қызметті алу кезінде мәселені бейресми шешудің бастамашысы адамдар

("Transparensy International Kazakhstan»)

📍2019 жылдың 27 желтоқсанында БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Р.С. Ақмырзаев және басшының бірінші орынбасары Н.И. Самет Бөрлі ауданының активі мен тұрғындарының қатысуымен отырыс өткізді.

✅Шараға облыс әкімі аппаратының басшысы Р.Е. Исақұлов,аудан кәсіпкерлері, жергілікті мемлекеттік орган қызметкерлері, мәслихат депутаттары, «Атамекен» ҰКП аудандық филиалының және БАҚ өкілдері шақырылды.

📍Күн тәртібіне «Transparensy International Kazakhstan» қоғамдық қоры жүргізген Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың жай-күйі мониторингінің нәтижелері және ҚР ҚПК-нің 200-бабына сәйкес Бөрлі ауданы әкімі аппаратының бұрыңғы басшысы Д. Агедилов пен «Бөрлі аудандық демалыс орталығы» МКҚК бухгалтері Н. Нурпейсоваларға қатысты қылмыстық істер бойынша жіберілген ұсыныстары қаралды.

🛑Мониторинг нәтижелері бойынша сұралғандардың 42,5%-ы мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына қанағаттанушылық деңгейі, оның ішінде мемлекеттік билік институттарына деген сенім төмендеді деп санайды, бұл халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша мемлекет қабылдаған шаралар туралы хабардар болуының төмендігін көрсетеді.

⭕️Жергілікті тұрғындар арасында сұралғандардың 51,4% пікірі бойынша, көбінесе мемлекеттік қызметтерді алу кезінде мәселені бейресми шешудің бастамашысы адамдардың өздері болып табылады.

❗️Осыған байланысты, аудан әкімі М.М. Сатқановқа тиісті ұсыныстар берілді.

✅Қорытындылай келе Н.И. Самет Агенттік жұмысының негізгі бағыттарына тоқталып, қатысушыларды адалдыққа, парасаттылыққа, азаматтар мен мемлекеттің мүдделеріне қызмет етуге шақырды.

‼️В Бурлинском районе ЗКО инициатором неформального решения вопроса при получении госуслуг чаще всего выступают сами люди («Transparensy International Kazakhstan»)

📍27 декабря 2019 года руководителем Антикоррупционной службы по ЗКО Акмырзаевым Р.С. и его первым заместителем Самет Н.И. проведено заседание с участием актива и жителей Бурлинского района ЗКО.

✅На мероприятие также были приглашены руководитель аппарата акима области Исакулов Р.Е., предприниматели, депутаты маслихата, сотрудники местных исполнительных органов, представители филиала НПП «Атамекен» и СМИ.

🛑На повестку дня вынесены результаты мониторинга состояния коррупции в Казахстане, проведенного общественным фондом «Transparensy International Kazakhstan», а также итоги рассмотрения представлении, направленных в порядке ст.200 УПК РК, по уголовным делам в отношений бывшего руководителя апарата акима Бурлинского района Агедилова Д. и бухгалтера ГККП «Бурлинский районный центр досуга» Нурпейсовой Н.

📍Согласно результатам мониторинга 42,5% опрошенных считает, что их уровень удовлетворенности антикоррупционной политикой государства, в том числе доверие к институтам государственной власти, снизилось, что свидетельствует о низкой информированности населения о принимаемых государством мер по противодействию коррупции.

❗️При этом, по мнению местных жителей, чаще всего при получении госуслуг инициатором неформального решения вопроса выступают сами люди – 51,4%.

⭕️Акиму района Сатканову М.М. даны соответствующие рекомендации.

✅В заключении, Самет Н.И. остановился об основных направлениях работы Агентства и призвал присутствующих к честности, добропорядочности, служению интересам граждан и государства.

0
0
191

Осы тақырып бойынша

Бөрлі ауданында мемлекеттік қызметті алу кезінде мәселені бейресми шешудің бастамашысы адамдар - Yvision.kz