ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

#БҚОатақтыспортшылары #знаменитыеспортсменыЗКО

Абзал Әжіғалиев Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында 1992 жылы дүниеге келген. Оралда 2001 жылы жабық мұз айдыны сарайы ашылғаннан кейін шорт-тректен Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мәдіғали Қарсыбеков дайындаған шәкірттерінің бірі.

Азия ойындарының қола жүлдегері (2011), Сочи Олимпиадасының қатысушысы (2014), Әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы (2016), Әлем Кубогының бес кезеңінің қола жүлдегері (2016, 2017, 2018, 2019, 2020), Әлем кубогының екі кезеңінің күміс жүлдегері (2017, 2018), Универсиаданың күміс және қола жүлдегері (2017), Пхенчхан Олимпиадасындағы Қазақстанның ту ұстаушысы (2018). Қазақстан Республикасының спорт шебері. Халықаралық спорт шебері.

2019/2020 жылғы маусымдағы Нидерландыда өткен шорт-тректен Әлем кубогының финалдық кезеңінде 500 метр қашықтықта қола медаль жүлдегері.