БҚО жемқорлыққа қарсы қызметі «Ашық есік күнін» өткізді»
2020 жылдың 28 ақпан күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаментінде «Ашық есік күні» өтті.
Департамент басшысы Р.С. Ақмырзаев келушілерге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жұмысының негізгі бағыттарымен таныстырды. Жауапты қызметкерлер келушілерге әртүрлі тергеу әрекеттері жүргізілетін тергеушілердің кабинеттері, кезекші бөлімі мен күдіктілерді уақытша ұстау камерасы бойынша экскурсия өткізді.
«ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында Агенттік және оның аумақтық органдары азаматтық қоғам институттарымен бірлесіп іске асырылатын жобалар таныстырылды.
Ә.Ө. Салиева іс-шараға қатысушыларға «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысының негізгі бағыттарын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелерін түсіндірді.
Ш.М. Ермұқанова мемлекеттік және құқық қорғау қызметіне түсу мәселелерін түсіндіріп, үміткерлерге қойылатын негізгі талаптарға толық тоқталып өтті.
Р.С. Ақмырзаев қатысушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен парасаттылықты қалыптастыру жөніндегі іс-шараларға белсенді қатысуға шақырды.
Осындай іс-шараларды аймақ тұрғындары үшін апта сайын өткізу жоспарланып отыр. Олар азаматтарды біздің қызметкерлеріміздің жұмыс жағдайларымен және Департаменттің әкімшілік ғимаратының инфрақұрылымымен таныстыруға бағытталған, бұл ведомствоның халық алдындағы ашықтығы мен транспаренттілігін тағы да бір айқындауда.
Естеріңізге сала кетейік, күн сайын «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау жүргізілуде.
Әр сенбі күні сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін «ADAL KOMEK» волонтерлік жобасы жүзеге асырылуда. Онда департамент қызметкерлері, заңгерлер, ЖОО оқытушылары, адвокаттар, нотариустар тегін заң кеңестер көрсетеді.
