БҚО жемқорлыққа қарсы қызметі «Ашық есік күнін» өткізді» 2.0
Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2020 жылдың 12 наурызы күні азаматтар мен шенеуніктерді ашықтық пен парасаттылыққа шақырып, барлық ниет білдірушілер үшін өз есігін айқара ашты.
«Ашық есік күні» - студенттерге ұнаған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және жастар арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік аясында игі дәстүрге айналған акция.
Іс-шара барысында қатысушыларға департамент ғимараты бойынша экскурсия жүргізіліп, қызметкерлердің еңбек жағдайлары, сондай-ақ кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерін жүргізу және уақытша ұстау бойынша қызметтік үй-жайлар көрсетілді.
Сонымен қатар, «Antikor ortalygy» сервис орталығының базасында экскурсанттарға арналған «Сыбайлас жемқорлық себептерімен заңсыз әрекеттерден қорғау» тақырыбында тренинг өткізілді, сондай-ақ тыңдаушылар мемлекетіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының негізгі бағыттарымен таныстырды.
Азаматтық ұстанымды нығайту мақсатында тыңдаушылар назарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігінің бірыңғай «1424 Call – орталығы» қызмет іұсынылды.
Сонымен қатар, қатысушылар дайындалып жатқан және жасалған сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы хабарлағаны үшін қолданыстағы көтермелеу жүйесімен таныстырылды.
Өткізілген акцияны қорытындылай келе, жастардың бастамашлдығын, қызығушылықтары мен белсенділігін атап өткен жөн.
Естеріңізге сала кетейік, мұндай іс- шаралар парасатты ұрпақты тәрбиелеу мақсатында жүйелі түрде өткізіліп тұрады.
