Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

БҚО жастары «ADAL KOMEK» еріктілер жобасын қолдайды

2020 жылдың 28 ақпан күні «Жастар мен волонтерлар жұмысының жаңа бағыты» ашық диалогтық алаңы өтті.

Шараға Департамент басшысының бірінші орынбасары Н.І.Самет, Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары А.С.Туркина, ҚХА волонтерлар қозғалысы орталығының жетекшісі А.Ш.Курумбаев, «Мейірім» ҚБ төрайымы Э.Беказиева, Мектептен тыс жұмыс орталығы директорының м.а. Ш.С.Утебалиева, БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурс орталығы басшысы Н.А.Мейірбек, «За жизнь» волонтер қоғамы өкілі Г. Самоилова-Манцева, «Power Qazaqstan» (Uralsk Runners) жеке қоры өкілі А.К.Мырзаахметова, «28 петель» қайырымдылық еріктілер қозғалысы жетекшісі А.Косдаулетова, аудандық жастар ресурстық орталықтарының басшылары және еріктілер қатысты.

Н.І.Самет Агенттіктің Агенттіктің азаматтық қоғам институттарымен бірлесіп іске асырылатын жобалар таныстырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға атсалуысуға шақырды.

Департаменттің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин «ADAL KOMEK» еріктілер жобасын таныстырып, заңгерлер, құқық факультетінің жоғары курс студентері және магистранттары тегін құқықтық көмек беруге атсалысуға үлес қосуға мүмкіндіктері бар екендігі туралы ақпараттандырды.

Естеріңізге сала кетейік, «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында әр сенбі күні сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін «ADAL KOMEK» волонтерлік жобасы жүзеге асырылуда. Онда департамент қызметкерлері, заңгерлер, ЖОО оқытушылары, адвокаттар, нотариустар тегін заң кеңестер көрсетеді.

1
0
270

Осы тақырып бойынша

БҚО жастары «ADAL KOMEK» еріктілер жобасын қолдайды - Yvision.kz