Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

БҚО ғылымның зиялы қауымдары ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын 2018-2020 жылдары іске асыру іс-шаралар жоспарының жобасын талқылады

Қазіргі таңда Агенттікпен ҚазақстанРеспубликасының 2015-2025 жылдарғаарналғансыбайласжемқорлыққақарсыстратегиясын іске асырудың 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар Жоспарының жобасы жасалуда.

Оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру бойынша оқыту және тәрбиелеу жұмыстары сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясаттың бір бөлігі болып табылады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен білім берудің барлық деңгейінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру және тәрбиелеу бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.

2017 жылдың 14 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты департаментінің директоры С.Мүксімовтің М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың профессорлық-оқытушылар құрамымен кездесуі өтті.

Кездесу барысында 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуы, соның ішінде сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарға алып келу мүмкін себептерді жою, тұрғындардың құқықбұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» атмосферасын қалыптастыру мен құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері талқыланды.

Университеттің профессорлық-оқытушылар құрамымен С.Мүксімовтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этика нормаларын сақтау, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бойынша, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын 2018-2020 жылдары іске асыру іс-шаралар жоспарының жобасы жөніндегі баяндамасы тыңдалды. Ол өз сөзінде құжатты дайындауда соңғы 3 жылда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа механизмдердің тәжірибесі ескерілгенін атап өтті.

Кездесу барысында заң ғылымдарының магистрі Э.Хабиева университет қабырғасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру байынша жасалып жатырған жұмыстарға тоқталды.

Университет проректоры О.Юров студенттік өзін-өзі басқару жұмысына тоқталып, онда студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия мүшелері болып табылатындығын,  атап айтқанда емтихан сессияларының талапқа сай өтуіне бақылау жасай алатындығын атап өтті. Университетте тұрақты түрде тәрбиелік және ағарту жұмыстары жүргізіледі (конференция, лекция, дөңгелек үстел, белгілі тұлғалармен кездесу, флешмоб, акция және мемлекеттік органдар мен БАҚ қатысуымен сыбайлас жемқорлық профилактикасы бойынша іс-шаралар).

Сонымен бірге, университет тыңдаушылары Агенттіктің қызметі бағыттарына қатысты сұрақтарын қойып, жан-жақты жауаптар алды.

   
0
0
471

Осы тақырып бойынша

БҚО ғылымның зиялы қауымдары ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын 2018-2020 жылдары іске асыру іс-шаралар жоспарының жобасын талқылады - Yvision.kz