Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен жемқорлықтың алдын алу бойынша шара ұйымдастырылды

2019 жылдың 12 тамыз күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің БҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Н.И.Саметтің және БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Е.М.Мукановтың қатысуымен ШЖҚ «Облыстық туберкулезге қарсы орталығы» МКК қызметкерлерімен кездесу өткізілді.

Аталған кездесу барысында өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып өзгенің мүлкін жымқырған Диспансер директорының орынбасары Ихсановаға қатысты сыбайлас жемқорлықтың туындауына әкелетін жағдайларды болдырмау мақсатында аяқталған қылмыстық іс бойынша жолданған ұсыныс қаралды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің БҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Н.И.Самет өз сөзінде «Денсаулық сақтау саласы сыбайлас жемқорлыққа бейім салалардың бірі екендігі құпия емес. Жүргізілген әлеуметтік сұраулардың қорытындысы бойынша елімізде кездесетін сыбайлас жемқорлық фактілерінің бесіншісі осы салаға тиесілі» - екендігін атап өтті.

Сонымен қатар, шара барысында Диспансер мен облыстық денсаулық сақтау басқармасына мемлекеттік сатып алулар, бюджетті бекіту мен орындалуын бақылау кезінде, соның ішінде қоғам өкілдерінің қатысуымен транспоренттілік пен ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі шаралар өткізу ұсынылды.

Шара соңында Н.И.Самет қатысушыларды адал, парасатты болуға және мемлекет пен азаматтардың мүддесіне шынайы қызмет етуге шақырды.

1
0
210

Осы тақырып бойынша