БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен мемлекеттік қызметшілерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді
2020 жылдың 25 қараша күні «Азаматтық бақылау» жобасы аясында жергілікті атқарушы органдардың және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық департаменттерінің қызметкерлеріне, мекеме басшыларына онлайн форматта түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормаларды сақтау мәселелері талқыланды.
БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Н.И.Самет қатысушыларды Агенттіктің негізгі жұмыс бағытымен таныстырды, сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға және қоғамда парасаттылықты қалыптастыруға бағытталған заңнамалық бастамалар мен новеллаларға тоқталды.
Сонымен қатар, спикер кездесуге қатысушыларға мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінде белгіленген қызметте және тұрмыста жүріс-тұрыс стандарттары туралы еске салды. Жұмыс уақытында мемлекеттік қызметшілер іскерлік этикет пен мінез-құлық ережелерін сақтауы тиіс екендігін атап өтті.
Кездесу соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.
Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.
