ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
1

БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлыққа қарсы келісімге қол қойды

2021 жылдың 30 ақпан күні «Protecting Business and Investments» жобалық кеңсесі (бұдан әрі – «PBI») мен «Квант» ЖШС арасында инновациялық сақтау қоймасын салуды жүзеге асыру бойынша инвестициялық жобаны сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы келісімге қол қойылды.

«PBI» жобасы қолайлы инвестициялық ахуал жасау және бизнес пен инвесторлардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру мақсатында әзірленді. Жобаның негізгі бағыттары-құқықтық қорғау, бизнес-үрдістерді оңтайландыру, реттеушілікке ықпал ету, қоғамдық бақылау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылық.

Бағдарламаға қатысу үшін тек қана инвестициялық жобадағы сыбайлас жемқорлықтан жүз пайыздық бас тарту және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру болып табылады. Сонымен қатар, инвесторларды «PBI» жобалық кеңсесімен өзара іс-қимыл жасауға шақырамыз.

Бүгінде облыс бойынша инвесторлармен жалпы сомасы 855 млрд. теңгеден асатын 27 келісімге қол қойылды.

Азаматтар сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің «1424» Call орталығына хабарлай алады. Call орталық 24/7 режимінде қызмет жасайды.