Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

БҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының жұртшылыққа есеп беру кездесуі

2020 жылдың 17 қаңтарында алғашы рет БҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы жұртшылықпен есептік кездесуі өткізіп, онда 2019 жылдың қорытындылары талқыланды.

Іс-шараға облыстық және қалалық мәслихаттың хатшылары, қоғамдық кеңес мүшелері, Қазақстан халқы Ассамблеясы этно-мәдени бірлестігінің, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысының басшылары, кәсіподақ ұйымдарының, колледждердің директорлары, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, арнайы мониторинг тобы белсенділері, сондай-ақ басқа да үкіметтік емес және жастар ұйымдарының және БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесуде БҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Р.С.Ақмырзаев 2019 жылға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс нәтижелері туралы есеп берді.

2019 жылы 138 қылмыс тіркелген, оның 111-і сыбайлас жемқорлыққа жатады.

Олардың ішінде негізінен парақорлық – 44,1%, ұрлық және алаяқтық – 31,5% және қызметтік жалғандық – 16,2% құрайды.

«Қазақстанда парламентаризмді дамыту Қоры» ҚҚ бастамасымен және Нидерланды елшілігінің қаржылық қолдауымен әлеуметтік объектілер мен инфрақұрылым бюджетін пайдаланудың тиімділігін бағалау мақсатында «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» енгізілді (www.publicbudget.kz).

Карта нақты уақыт режимінде қала нысандарын салуға, жөндеуге және ұстауға бөлінген бюджет қаражаты туралы егжей-тегжейлі мәліметтерді көрсетеді. Әр азамат анықталған бұзушылықтар туралы тәуліктің кез-келген уақытында хабарлай алады.

Бұдан басқа, жоба шеңберінде халықтық қатысу бюджетін кезең-кезеңмен енгізу шеңберінде «Бастамашылық бюджет» модулін құру пысықталуда.

«Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі АМТ мүшелерімен және Департамент басшылығымен бірге облыстың барлық 12 ауданына азаматтарды қабылдау және кездесулер өткізуге барды.

Жобалық кеңсе алаңында азаматтарды қабылдауды бекітілген кестеге сәйкес мемлекеттік органдардың бірінші басшылары тұрақты қабылдау жүргізеді. Әр азаматтың өтініштері қатаң бақылауда.

Есеп беру кезеңінде әр түрлі сұрақтарымен жобалық кеңсеге 1000-нан астам азамат жүгінді, оның ішінде азаматтарды қабылдау барысында және әлеуметтік желілер арқылы. Барлығына тиісті түсініктемелер берілді.

Оның ішінде 170 Проблемалық мәселе жергілікті деңгейде шешілді.

Мысалы:

айыппұл тұрағынан автомобильдерді босату кезінде қосымша куәландыратын құжаттардың негізсіз талаптары жойылды;

Бәйтерек ауданы Мичурин кентінде заңсыз орнатылған шлагбаумдар мен қоршаулар алынды;

«Батыс Су Арнасы»АҚ су есептегіштерін пломбалау үшін заңсыз көтерілген құны 2 есе төмендетілді;

демеушілер есебінен салынған иесіз қалған үш балалар мен спорт алаңдары теңгерімге алынды. Барлығы бойынша оларды ұстау мен жөндеуге арналған қаржыландыру көздері анықталды;

2 млн.теңге сомасында аудармашының қызметіне ақы төлеу мәселесі шешілді.

Республикалық және облыстық деңгейдегі мемлекеттік органдарға 53 ұсыныс енгізілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы іске асырылуда.

Атап айтқанда, азаматтардың өтініштерін қарау тәсілдері түбегейлі қайта қаралды. Осыған байланысты азаматтарды қабылдау мерзімділігі ай сайыннан күн сайын қабылдауға өзгерді.

Кездесу барысында жұртшылық делдалдардың заңсыз іс-әрекеттері, соның салдарынан бірінші қажеттілік тауарларының бағасы көтерілетіндігі, ҚНжЕ сәйкес құрылыс нормаларын сақтау, жастардың академиялық адалдығы, сондай-ақ үй малының қатысуымен өтетін жолдардағы жол-көлік оқиғалары туралы мәселелерді көтерілді.

Аталған мәселелер Департамент басшылығының бақылауына алынып, олар «Ақжайық – адалдық алаңы» кеңсесінде қаралатын болады.

0
0
278

Осы тақырып бойынша

БҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының жұртшылыққа есеп беру кездесуі - Yvision.kz