Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

БҚО Шыңғырлау ауданында профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

2015 жылдың 23 қыркүйек күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияның міндеттері мен мақсаттарын түсіндіру және өскелең ұрпақ бойында «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру мақсатында Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыружәне жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің қызметкерлеріШыңғырлау ауданына барды.

Олардың жұмысы Шыңғырлау аудандық орталық ауруханасы мен Л.Қылышев атындағы орта жалпы білім беретін мектебінде өткізілді.

Орталық аурухана ұжымына 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияның негізгі бағыттары және мемлекеттік қызмет саласындағы өзгерістер жөнінде Департаменттің консультанты Б.Хайруллин баяндама оқыды. Ол Стратегияда көрсетілген мақсаттар мен міндеттерге тоқталып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуде мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттардың ынтымақтастығы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы азаматтарды тұрақты түрде ақпараттандырып тұру және протекционизм мен аффилирлену көріністерін жою мәселелеріне ерекше тоқталды.

Мектепте азаматтық құқықтарды терең меңгеру және жоғары адами құндылықтарға жастарды тәрбиелеу мақсатында, «Жемқорлықсыз салауатты қоғам» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Сабаққа мектептің 9-11сынып оқушылары қатысты.

Сабақта жемқорлықтың пайда болу тарихына тоқталып, видеоролик және слайдтар көрсетілді. Оқушылар тақырыпқа қатысты мектепте кездесетін жағдайларды қызыға талқылады, сондай-ақ, ҚР қылмыстық кодексі және басқа да заңнамалары бойынша қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Оқушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты лекция оқыды.

Сонымен қатар, Департаменттің жұмыс тобы аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысып, қызмет алушыларға аудандық жастармен жұмыс орталығы жастарының қатысуымен «Мемлекеттік қызмет алу кезіндегі менің құқығым» және «Сыбайлас жемқорлықтан қалай қорғануға болады» жаднамалары таратылды

 
0
0
433

Осы тақырып бойынша

БҚО Шыңғырлау ауданында профилактикалық жұмыстар жүргізілді. - Yvision.kz