БҚО полиция жүйесіндегі тұрмыстық сыбайлас жемқорлық мәселелері талқыланды.
2019 жылы 14 ақпанда "Ақжайық – адалдық алаңы" жобалық кеңсесінде БҚО полиция департаменті жүйесіндегі тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты азайту (жою) бойынша шаралар қабылдау жөнінде кездесу өтті.
Кездесуге жоба кураторы, БҚО әкімінің орынбасары Г.Оспанқұлов, жоба со-кураторлары, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Б.Исақов, БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаментінің басшысы Р.Ақмырзаев, БҚО полиция департаментінің бастығы генерал-майор М.Аблазимов және жобалық кеңсенің басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында "Пара бермеу және алмау!" кең ауқымды акциясын өткізу жоспары әзірленді. Оның мақсаты жүргізушілердің пара беру фактілерін азайту болып табылады. БҚО ПД ЖПКБ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету бойынша іс-шараларды іске асыру жоспары жасалды, жоспарда мынадай іс-шаралар көрсетілген:
- "Пара бермеу және алмау!" акциясын өткізу кезінде, халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру (БАҚ, интернет ресурстар және т. б. арқылы);
- ҚР ӘҚБтК 810 және 811-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қысқартылған іс жүргізу негізінде халық арасында (БАҚ, интернет ресурстары және т. б. арқылы) жол жүру ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдарды 50% төлеу мүмкіндігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;
- "Ақжайық-адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің қызметкерлері, БҚО КҚПД КҚПБ қызметкерлері, үкіметтік емес ұйым мүшелері, Облыстың жастар ресурстық орталығының белсенділері, мүшелері, БАҚ өкілдері, блогерлерді "Пара бермеу және алмау!" акциясына қатысуын қамтамасыз ету. Акцияны өткізу процесін және қоғамдық тәртіпті бұзушылар ұсталған жағдайда полицейлерді сатып алу фактілерін жария ете отырып, әлеуметтік желілерде тікелей трансляциялау арқылы жүргізу;
- социумда оларға қарсы құқық бұзушылыққа қарсы әрекет тудыратын адамдарды виктимді мінез-құлық бойынша мамандарды тарта отырып, жұмыстар жүргізу;
- БҚО полиция департаменті екінші деңгейлі банктердің филиалдарымен айыппұлдарды төлеу үшін Мобильдік терминалдарды пайдалану бойынша жұмысты жалғастырады;
- ҚР "Құқық қорғау қызметі туралы" Заңының 69-бабының 4-тармағына сәйкес "Республикалық бюджет туралы" заңда белгіленген мөлшерде қызметкерлерге тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге ақшалай өтемақы төлеу мүмкіндігін қарастыру;
- БҚО полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасында көлік құралдарына арналған бокстарда көліктерді жууды қамтамасыз ету немесе ақылы жуу шығындарын өтеу мүмкіндігін қарастыру;
- бейне жетондардан ақпаратты сақтау үшін серверді сатып алуға қаражат қарастыру;
- полиция қызметкерлерінің бейнетіркегіштерді ажырату мүмкіндігін болдырмау, сондай-ақ учаскелік инспекторларға бейнетіркегіштердің жетондарын беру мүмкіндігін қарастыру;
- кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында, мектеп ішінде есепке қою жолымен кезең-кезеңімен алдын алу жұмыстарын жүргізу, одан әрі жүйелі түрде бұзушылық болған жағдайда ата-аналар мен мектеп қызметкерлерімен бірлесіп ІІБ-не есепке қою мәселесін қарау;
- полиция қызметкерлерінің мәртебесі бойынша заңды тәртіпте өкілетті органдарға ұсыныстар енгізу. Бұл проблеманы шешу полиция қызметкерінің біліміне, жалпы дайындығына және мәдениетіне қойылатын талаптарды арттыру жөніндегі проблемаларды шешуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта кандидаттардың жалпы білім беру дайындығының төмен деңгейі байқалады және олардың тек 38% - ы ғана БҚО полициясында бос лауазымдарға орналасуға тестілеуден өтуде;
- БҚО полициясындағы сыбайлас жемқорлық деңгейін анықтау бойынша азаматтар арасында сауалнама жүргізу;
- "Пара беру және алмау!" ауқымды акциясы бойынша жобалық офис қызметкерлерінің, жергілікті полиция қызметкерлерінің, жоба круаторының және со-кураторының қатысуымен брифинг өткізу.
