Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

БҚО полиция департаменті ППБ қызметкерлеріне қатысты ұсынымдар қаралды

2020 жылдың 18 мамырында БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Р. Ақмырзаевтың қатысуымен онлайн жиналыс өтіп, онда БҚО ПД ППБ қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша ҚПК 200-бабы бойынша енгізілген ұсынымдар қаралды.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмысының бір тәжірибесі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныстар енгізу болып табылады.

Соңғы бірнеше жылдың жедел-тергеу тәжірибесін талдау көрсеткендей Батыс Қазақстан облысының ішкі істер органдарының қызметінде сыбайлас жемқорлықты төмендету бағытында маңызды ілгерілеушіліктердің жоқ екендігін көрсетуде. Оның дәлелі жыл сайын сыбайлас жемқорлық фактілерінің анықталуы болып отыр.

Ағымдағы жылдың 4 айында БҚО полиция департаментінің қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша 41 қылмыс тіркеліп, 15 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сотқа 12 қылмыстық іс жолданып, қазіргі таңда 4 қызметкер сотталды.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

1
0
378

Осы тақырып бойынша

БҚО полиция департаменті ППБ қызметкерлеріне қатысты ұсынымдар қаралды - Yvision.kz