Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

БҚО-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі білім беру саласында жымқыру жасау себептерін айтты

2019 жылы 14 қарашада облыс әкімінің орынбасары – «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасының кураторы С.Р.Егізбаевтың төрағалығымен білім саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес өткізілді.

Кеңеске аудан әкімдері, аудандық білім беру бөлімдерінің басшылары, мектеп директорлары және ведомствоға бағынысты ұйымдар басшылары бейне-конференц байланысы арқылы қатысты.

Облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары Н.И Самет қатысушылардың назарын бухгалтерлердің мекеме басшыларының электрондық-цифрлық қолтаңбаларын (бұдан әрі - ЭЦҚ) пайдаланудың жиілеп кеткендігіне назар аударды, бұл туралы бюджет қаражатын жымқыру фактілері бойынша қылмыстық істерді тергеу тәжірибесі растап отыр.

Сонымен қатар, ол бұған негізгі себеп ауылдық округтерде интернеттің болмауы, басшыларда ЭЦҚ пайдалану дағдыларының болмауы және мекеменің қаржы-шаруашылық қызметімен айналысқысы келмеу болып табылатынын атап өтті.

Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауларды сапалы жүргізу, ауылдық округтерді интернетпен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жандандыру және басшы құрамның компьютерлік сауаттылығын арттыру бойынша шаралар қабылдау қажеттігі атап өтілді.

Сонымен қатар, облыс прокурорының көмекшісі А.Қ.Тлеубаев облыстағы осы саладағы сыбайлас жемқорлықтың жай-күйі туралы таныстырды.

Осындай іс-шараны ай сайын өткізу жоспарлануда.

1
0
316

Осы тақырып бойынша

БҚО-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі білім беру саласында жымқыру жасау себептерін айтты - Yvision.kz