Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

БҚО-ның мемлекеттік органдарының жұмыстарының 9 айдағы жұмысы қорытындыланды

2017 жылдың 1 қарашада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік қызмет бойынша және мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігі мәселелері бойынша семинар өткізілді.

Семинарға облыстық орталық мемлекеттік органдары, жергілікті атқарушы органдар мен мәслихаттардыңекеттік мекемелердің персоналды басқару қызметтерінің қызметкерлері қатысты.

Семинар жұмысында алғашқы болып Департамент басшысының орынбасары М.С.Нұртазин сөз сөйлеп, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында Департаментпен мемлекеттік қызметтің кадр саясатын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатырғандығын атап өтті.

Семинарда Департаменттің Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманыМ.Е.Кабдоллин  баяндама жасап, өз сөзінде сынақ мерзімінен өтуден бастап, мемлекеттік қызметшілерді оқыту, тағылымдама, кадрлардың таза ауысушылығын азайту тоқталды.

Сондай-ақ, Департаменттің Мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының басшысы Ж.Мұратов өз сөзінде облыстағы мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссия қызметін талдау қорытындысы жөнінде атап өтті.

Сонымен қатар, Департаменттің Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Н.Т.Ильясов «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі нің автоматтық режимде жүргізу бойынша атап өтті

Семинар өткізу барысында қатысушылар тарапынан қозғалған тақырыптар бойынша сұрақтар қойылып, Департамент өкілдерімен нақты жауаптар берілді.

         
0
0
454

Осы тақырып бойынша

БҚО-ның мемлекеттік органдарының жұмыстарының 9 айдағы жұмысы қорытындыланды - Yvision.kz