Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

БҚО мектеп директорларына жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жасау жөнінде тапсырма берілді

«Өкінішке орай, білім саласы Батыс Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша үштікте»

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басқарма басшысы Б.М.Хайруллин облыстың жалпы білім беретін мектептері, лицейлері мен гимназия директорларының қатысуымен өткен «Мектеп менеджменті: тиімді басқару және сапалы білім» облыстық семинарында өз баяндамасын осы сөздермен бастады.

Спикер қылмыстық істерді талдау мен тергеу барысында анықталған білім саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне тоқталды.

Б.Хайруллин сөзінше, жымқыру туралы қылмыстық істердің негізгі бөлігі үшінші тұлғалардың электрондық цифрлық қолды теріс мақсатта қолдануымен байланысты.

Сондықтан директорлардың ЭЦҚ электрондық цифрлық қолын есепшіге немесе мектептің басқа да қызметкеріне берудің қауіптілігі ерекше атап өтті.

Сонымен қатар, директорлар мектептерде жемқорлықтың алдын алу және жастар арасында парасаттылық мәдениетін қалыптастыру бойынша жұмыстардың маңыздылығы айтылды.

Семинар соңында қатысушыларға төмендегілер ұсынылды:

- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу;

- Электрондық цифрлық қолды басқа тұлғаларға сеніп тапсырмау;

- Барлық қызметкерлердің жүктемесі көрсетіліп, көрнекті орынға штаттық кестені ілу;

- «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының жұмысын белсендіру;

- Мектеп үйірмелерінің жұмысын бақылауды күшейту.

1
0
270

Осы тақырып бойынша

БҚО мектеп директорларына жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жасау жөнінде тапсырма берілді - Yvision.kz