БҚО әкімі аппараты ұжымымен кездесу өтті
2020 жылдың 1 қазан күні БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Р.С.Ақмырзаев облыс әкімі аппараты ұжымымен кездесу өткізді.
Шараның мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыру болып табылады.
Шараға облыс әкімі аппараты басшысы Б.Ә.Батаев, Әдеп жөніндегі уәкіл, облыстық ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі А.Р.Хайруллина, бөлім басшылары мен қызметкерлері қатынасты.
Р.С.Ақмырзаев: «ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте алдын алу шараларына екпін беру қажеттілігін тапсырған болатын. 2019 жылдың аяғында басшылардың дербес жауапкершілігі заңмен бекітілді. Яғни, саяси қызметкер үшін отставкаға кетуі, ал әкімшілік мемлекеттік қызметкер басшылары үшін тәртіптік мәселесі қаралады»,- деп атап өтті.
2020 жылдың І жартыжылдығы қорытындысы бойынша жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің әлеуметтік сауалнама қорытындысы таныстырылды.
А.Р.Хайруллина: «Мемлекеттік қызметшілер іс-сапар кездерінде заң талаптарын қатаң сақтау қажет. Соның ішінде қабылдаушы тараптан қонақ үй шығындарын төлеуге және дастархан жаюға тыйым салынған. Әр мемлекеттік қызметші Әдеп нормаларын қатаң ұстануы тиіс».
Шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік бейнеролик көрсетілді.
Сонымен қатар, Р.С.Ақмырзаев қатысушыларды адал, парасатты болуға және мемлекет пен азаматтардың мүддесіне шынайы қызмет етуге шақырды.
