Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

БҚО әкімі «ANTIKOR.LIVE» жобасына қатысты

«Antikor.Live» жобасы аясында 2020 жылдың 19 қыркүйек күні Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғ.Н.Есқалиевтің және облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Р.С.Ақмырзаевтың қатысуымен «Ашықтық. Есептілік. Қолжетімділік» тақырыбында тікелей эфир ұйымдастырылды.

Тікелей эфир барысында облыс әкімі Ғ.Н.Есқалиев мемлекеттік органдар мен тұрғындар арасында тығыз байланыс орнату, олардың қызметтерін трансформациялау, инвесторларды әкімшілік кедергілерден қорғау және бюджет қаражаттарын тиімді жұмсау бағыттарында атқарылып жатырған жұмыстарға тоқталды.

Өз кезегінде, Департамент басшысы Р.С.Ақмырзаев тұрғындарды облыстағы сыбайлас жемқорлық деңгейімен және алдын алу бағытында атқарылып жатырған жұмыстармен таныстырды.

«Antikor.Live» жобасының негізгі мақсаты – ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын түсіндіру және оны жүзеге асыру бойынша атқарылып жатырған іс-шаралар туралы ақпараттандыру болып табылады.

1
0
222

Осы тақырып бойынша

БҚО әкімі «ANTIKOR.LIVE» жобасына қатысты - Yvision.kz