Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

БҚО инженерлық технологиялық колледжінің түлектеріне мемқызметке кіру тәртібі туралы түсіндірілді

2019 жылдың 27 ақпанда Батыс Қазақстан инженерлық технологиялық колледжінің түлектеріне мемлекеттік қызметке кіру тәртібін түсіндіру бойынша кездесу өткізілді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы А.Тастемиров колледж түлектеріне мемлекеттік қызметтің ерекшеліктерін, «Б» корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметке және құқыққорғау қызметіне кіру тәртібін түсіндірді. Сонымен қатар, заңнаманы білуге арналған тестілеу бағдарламаларын және жеке қасиеттерді бағалау тестілеуі туралы толық түсіндіріп өтті.

Бұдан өзге, шараға қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың және оны көтерудің, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын-алудың маңыздылығы және «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысының негізгі бағыттары жөнінде түсіндірді.

Кездесу барысында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, олардың барлығына қажетті жауаптар қайтарылды.

0
0
237

Осы тақырып бойынша