Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

БҚО дезинфекция орталығымен кездесу өтті.

2020 жылдың 30 қыркүйек күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментімен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің қызметкерлерімен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыру мақсатында кездесу ұйымдастырылды.

Шара барысында қатысушыларға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбы талқыланды.

Сонымен қатар, Р.Г.Мұратов бүгінгі таңда басты назар сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, қоғамда парасаттылықты қалыптастыру мәселелерінде екендігін атап өтті.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

1
0
177

Осы тақырып бойынша

БҚО дезинфекция орталығымен кездесу өтті. - Yvision.kz