БҚО денсаулық сақтау басқармасының қызметшілеріне құқықтық оқыту өткізілді
2019 жылдың 8 ақпанда өткен жылы жүргізілген ішінара және жоспардан тыс тексерулердің қорытындыларына сәйкесБатыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының қызметшілеріне құқықтық оқыту өткізілді.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы А.Тастемиров құқықтық оқыту барысында бос лауазымдарға конкурс өткізу талаптарына енгізілген өзгерістер, мемлекеттік лауазымдарға қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға енгізілген өзгерістер,2019 жылдан бастап әкімшілік мемлекеттік қызметке кіру үшін арналған тестілеудің өзгерістерібойынша, сонымен қатар аталған тексеріс нәтижесі бойынша анықталған кемшіліктердің болашақта болдырмауы бойынша сөз қылды.
Сонымен қатар, бас маман Д.Молдагалиев Е-Қызмет жүйесіндегі құжат айналымын жүргізуді және ЭЦҚ арқылы құжаттарға қол қою тәртібін түсіндірді.
Құқықтық оқытуға қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, олардың барлығына қажетті жауаптар қайтарылды.
