ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

БҚО-да Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өткізілді

2017 жылдың 10 наурызда Батыс Қазақстан облысында Әділет Департаментінің жанындағы Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өткізілді.

Отырысқа Кеңес мүшелері, мемлекеттік органдардың, құқыққорғау қызметінің, сот сараптамасы Институнының және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы талқыланды. Сондай-ақ, қозғалған әкімшілік құқықбұзушылық туралы істерге талдау мен мониторинг жүргізу мәселелері қаралды.

Аталған Кеңестің тұрақты мүшесі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша Департаменті басшысының орынбасары А.С.Жұбаныш өз сөзінде мемлекеттік және квазимемлекеттік органдармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті ұйымдастырып, соның негізінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жасаудың  маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бағытындағы шаралар тұрақты түрде өткізілу керектігін айтты.

Шара барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жасауға қатысты өз сұрақтарын қойып, Департамент басшысының орынбасары оларға нақты жауаптар берді.