БҚО-да ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өткізілді
2017 жылдың 15 қарашада Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті жанындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойыншаведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өткізілді.
Отырыс барысында БҚО ІІД Көші-қон полициясы басқармасында жүргізілген ішінара тексеру нәтижелері туралы; «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғаммымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша бекітілген іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы. («Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ БҚО филиалы ХҚКО Департаменті); қызмет алушаларға көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін ақпараттандыруды қамтамасыз ету бойынша жергілікті атқарушы органдардың интернет ресурстарына жүргізілген мониторинг нәтижесі туралы; облыстың ауылдық елді-мекендерінде өзін-өзі қызмет көрсету бұрыштарын құру нәтижелері туралы (Зеленов ауданы Белес ауылдық округі мысалында); Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «САНДЖ» зерттеу орталығымен жүргізілген мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері туралы мәселелер қаралды.
Сондай-ақ, БҚО ІІД Көші-қон полициясы басқармасы, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ БҚО филиалы ХҚКО Департаменті өклдерінің және де Зеленов ауданы Белес ауылдық округі әкімінің ақпараттары тыңдалды.
Отырыс қорытындысы бойынша электронды мемлекеттік қызметтерді жандандыру бойынша кешенді шара қабылдау, соның ішінде жоғарғы сыныптағы оқушыларды, студенттерді және халықтың әлеуметтік-белсенді бөлігін электрондық білімге оқыту туралышешім қабылданды.Өзін-өзі қызмет көрсету бұрыштарын құру бойынша алдағы уақытта электрондық мемлекеттік қызмет алу үшін шаралар қабылдау, атап айтқанда бір ретті парольдің көмегімен мемлекеттік қызмет алу мақсатында электрондық үкімент порталына халықты тіркеуден өткізу.
БҚО ІІД Көші-қон полициясы басқармасына қызметкерлер арасында оқытулар жүргізу, қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету орындарында жағдай жасау,шетел азаматтарын тіркеу бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратында қабылдау пунктін құру туралы мәселе қарастыру ұсынылды.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері туралы ақпарат тиісті шара қабылдау мақсатында мүдделі мемлекеттік органдарға жолдау туралы шешім қабылданды.
Осымен бірге, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін салалық министрліктер жасақтап, сол министрліктің бұйрығымен бекіту туралы ұсыныс жолдау ұсынылды.
