БҚО-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау және мониторингілеу бойынша семинар-тренинг өткізілді
2017 жылдың 16 ақпанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мәселелері бойынша семинар-тренинг өткізілді.
Семинарға орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың сыбайлас жемқорлыққа ішкі талдау жүргізуге жауапты тұлғалар қатысты.
Семинар жұмысын алғы сөзімен Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Исақов Б.Ә. ашып, өз сөзінде Мемлекет басшысы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты биылғы Қазақстан халқына жолдауының бесінші басымдығы институционалдық өзгерістер, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске арнады. Осы орайда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган үшін қылмыстық қудалауға қарағанда, сыбайлас жемқорлық көріністерінің себептері мен жағдайларын айқындау мен жоюға бағытталған алдын алу шараларын әзірлеу және қабылдау басымдық болуда.
Сондай-ақ, семинарда Департаменттің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин баяндама жасады. Ол өз сөзінде ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы Заңының шеңберінде жүргізіліп жатырған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг туралы айтып өтті. Семинарда Департаменттің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Г.М.Мұрзақаева «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында ішкі талдау жүргізудің ерекшеліктері туралы» атты тақырыпта баяндама жасады. Ол сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің нысаны мен әдісін толықтай айтып өтті.
Семинар барысында қатысушылар тарапынан қозғалған тақырыптар бойынша сұрақтар қойылып, Департамент басшылығымен нақты жауаптар берілді.
