ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

БҚО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдік топ өз жұмысын бастады

Мемлекет басшысы өзінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауында сыбайлас жемқорлықтың себептерін анықтау мен жоюға бағытталған жұмыстарды күшейту қажеттілігін атап өтті.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінде Жолдаудағы міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған Алқа мәжілісінің отырысында, Агенттікпен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдік топтарды құру жөнінде тапсырма берілген болатын.
Аталған тапсырмаға сәйкес, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінде «Парасыз болашаққа. Бірге!» атты мобильдік топ құрылып, өз жұмысын бастады. Топқа Департамент қызметкерлерінен өзге құқық қорғау органдары, облыстық басқармалар, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы, үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ өкілдері және спортшылар қосылды.
Мобильдік топтың мүшелері Жолдаудың негізгі басымдықтары, қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзбеушілік қағидатын қалыптастырудың мақсаты жөнінде түсіндіреді, мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жүргізеді және азаматтардың өтініштерін қарауды жүзеге асыратын болады.
Облыстағы дене шынықтыру және спорт саласындағы атышулы сыбайлас жемқорлық істерін ескере отырып, ағымдағы жылдың 16 наурызда Департаменттің бастамасымен мобильдік топтың алғашқы кездесуі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен оған бағынышты мекемелердің қызметкерлерімен өткізілді.
Кездесуге Департамент басшылығы, басқарма өкілдері, әйелдер күресінен ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарының қол жүлдегері Е.А.Ларионова, Самбо күресінен 4 дүркін Әлем чемпионы Е.С.Байбатыров, Грек-рим күресінен жастар арасында Азия чемпионы, жастар арасында Әлем чемпионы А.К.Умбеткалиев, Пауэрлифтингтен Азия чемпионы А.С.Капышев, Самбо күресінен жастар арасында Әлем чемпионатының жүлдегері Н.Н.Серіков қатысты.
Әйелдер күресінен ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарының қол жүлдегері Екатерина Ларионова өз сөзінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға арналған жұмыстарды баршаға маңызды деп санайтындығын атап өтті. Біздер спортшылар, өз елінің патриоты ретінде Елбасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қолдаймыз. Сондай-ақ, ол барлық әріптестерін спорт саласының өркендеуі үшін адал әрі әділ қызмет етуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларға белсенді атсалысуға шақырды.

Мемлекет басшысы өзінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауында сыбайлас жемқорлықтың себептерін анықтау мен жоюға бағытталған жұмыстарды күшейту қажеттілігін атап өтті.ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінде Жолдаудағы міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған Алқа мәжілісінің отырысында, Агенттікпен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдік топтарды құру жөнінде тапсырма берілген болатын.Аталған тапсырмаға сәйкес, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінде «Парасыз болашаққа. Бірге!» атты мобильдік топ құрылып, өз жұмысын бастады. Топқа Департамент қызметкерлерінен өзге құқық қорғау органдары, облыстық басқармалар, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы, үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ өкілдері және спортшылар қосылды. Мобильдік топтың мүшелері Жолдаудың негізгі басымдықтары, қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзбеушілік қағидатын қалыптастырудың мақсаты жөнінде түсіндіреді, мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жүргізеді және азаматтардың өтініштерін қарауды жүзеге асыратын болады.Облыстағы дене шынықтыру және спорт саласындағы атышулы сыбайлас жемқорлық істерін ескере отырып, ағымдағы жылдың 16 наурызда Департаменттің бастамасымен мобильдік топтың алғашқы кездесуі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен оған бағынышты мекемелердің қызметкерлерімен өткізілді.Кездесуге Департамент басшылығы, басқарма өкілдері, әйелдер күресінен ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарының қол жүлдегері Е.А.Ларионова, Самбо күресінен 4 дүркін Әлем чемпионы Е.С.Байбатыров, Грек-рим күресінен жастар арасында Азия чемпионы, жастар арасында Әлем чемпионы А.К.Умбеткалиев, Пауэрлифтингтен Азия чемпионы А.С.Капышев, Самбо күресінен жастар арасында Әлем чемпионатының жүлдегері Н.Н.Серіков қатысты.Әйелдер күресінен ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарының қол жүлдегері Екатерина Ларионова өз сөзінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға арналған жұмыстарды баршаға маңызды деп санайтындығын атап өтті. Біздер спортшылар, өз елінің патриоты ретінде Елбасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қолдаймыз. Сондай-ақ, ол барлық әріптестерін спорт саласының өркендеуі үшін адал әрі әділ қызмет етуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларға белсенді атсалысуға шақырды.