ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

БҚО-да студенттер арасындағы дәстүрлі пікір-сайыс турнирі өткізілді

2017 жылдың 18 ақпанда М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің І-ші курс студенттері арасында пікір-сайыс турнирі ұйымдастырылды.

Турнирдің ашылу салтанатында Университет басшылығы мен оқытушылары, студенттер және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша Департаментінің басқарма басшысы Хайруллин Б.М. қатысты.

Ол өз сөзінде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты кезекті Жолдауынан туындайтын басымдықтарға тоқталып, студенттерге бәсекеге қабілетті болу үшін үздіксіз білім алу қажет екендігін және де сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне қарсы тұруға шақырды.

Турнирге 20 команда қатысып, өз бақтарын сынады.