Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

БҚО-да сот жүйесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті Батыс Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісімен бірлесіп, сот жүйесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының алды алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізді.

Шараға БҚО соттарының судьялары мен қызметкерлері, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы, «Нұр Отан» партиясы филиалының, «Ақжол» шағын және орта бизнесті қолдау қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпы ұлттық «ЖАҢАРУ» қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі Батыс Қазақстан облыстық филиалының өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Болат Исақов ҚР еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат туралы баяндады. Спикердің айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны қабылдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерінде кешенді және жүйелі шараларды қолдану қажеттігін туындатты. Мемлекеттік қызмет сыбайлас жемқорлықпен күресу мақсатында 2016 жылдан бастап меритократия қағидаттарына негізделген жаңа форматта жұмыс жасай бастады. Нәтижесінде, мемлекеттік қызметке жаңадан келген адам саны 3 есеге  көбейді, кадрлардың ауысуы 2 есеге төмендеді және ауысулар18 есеге қысқарды.

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп және мінсіз мінез-құлық деңгейінің жоғары болуы, тиімді мемлекеттік аппаратты құрудың маңызды аспектісі болып табылады.

Қатысушылар атап өткендей, бизнес мүдделерін қорғауға елеулі мән берілуде. 2016 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша өткізген кәсіпкерлер Форумы бизнестің аса маңызды 16 саласында сыбайлас жемқорлық қаупін жою бойынша Жол картасының іске асуына дәнекер болды.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)  БҚО бойынша департамент басшысының орынбасары Жомарт Абдрахманов қатысушыларға нақты мысалдар келтірді.

Сонымен қатар, Агенттік мүдделі мемлекеттік мекемелермен бірлесіп мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру бойынша  және тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты нивелирлеудің басты факторы ретінде бәсекелі ортаға жылдамдатылған жұмысты жүргізеді.

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу туралы БҚО бойынша Соттар әкімшісінің ішкі қауіпсіздік бөлімінің басшысының м. а. Гүлжиһан Сәпиева баяндады. Бөлім сот жүйесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасының орындалуын, сот жүйесінің судьялары мен сот жүйесі қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық белгілерінің алдын алу және жолын кесу мәселелері бойынша қызметін үйлестіруін, сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыру жолымен имиджін көтеруді қамтамасыз етеді.

Шара барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті тек сот жүйесінде ғана емес сонымен бірге, жалпы қоғамда қалыптастыру мәселелері бойынша өздерінің пікірлері мен ұсыныстарын айтты.

 
0
0
749

Осы тақырып бойынша