Батыс Қазақстан облысында ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын ақпараттық сүйемелдеу үшін іс-шаралар жоспары жасақталып бекітілді.
Елбасы Жолдауын насихаттау мақсатында, мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, мекемелер өкілдері мен депутаттардан құралған ақпараттық-насихаттау жұмыс топтары құрылды.
2017 жылдың 15 ақпанда облыстық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша Департаменті басшысының орынбасары М.С.Нұртазин Ақжайық ауданының Қарауылтөбе және Базартөбе ауылдарының тұрғындарымен кездесулер өткізіп, Жолдаудың негізгі бағыттары талқыланды.
Өз сөзінде М.С.Нұртазин Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауының бесінші басымдығы «Институционалдық өзгерістер, сыбайлас жемқорлықпен күрес» «100 нақты қадам» Ұлт жоспарымен тығыз байланысты екенін атап өтті.
«Жаңа технологиялық бастама уақыт талабына сай шешім, ол елдің одан әрі жаңғыру бағдарламасы болып табылады. Бұл қоғамдық-саяси даму, экономикалық өсу, халықтың әл-аухатын көтеруге бағытталған нақты іс-шаралар тұжырымдамасы болып табылады. Жаңа технологиялық бастама уақыт талабына сай шешім, ол елдің одан әрі жаңғыру бағдарламасы болып табылады. Бұл қоғамдық-саяси даму, экономикалық өсу, халықтың әл-аухатын көтеруге бағытталған нақты іс-шаралар тұжырымдамасы болып табылатындығын айтты.