Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

БҚО-да облыстық Департаменттер мен басқармалар басшылары «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» талқылады

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Бес институционалды реформаларды іске асыру бойынша 100 қадам» Ұлт жоспарын халық арасында кеңінен түсіндіру мақсатында облыстық ақпараттық топтары құрылды. 2015 жылдың 20 тамыз күні аталған жұмыс тобының отырысы ұйымдастырылды.

Шарада Департамент басшысының орынбасары – Тіртіптік кеңес төрағасы Н.Б.Сүйінбаев қатысып, «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бірінші институционалды реформасындағы он бес қадам бойынша баяндама жасады. Өз баяндамасында дамыған Батыс европа елдеріндегі мемлекеттік қызмет моделдеріне және олар мансаптық, континенттік болып бөлінгендіктері тоқталып өтті.  Баяндама арнайы дайындалған слайдтпен сүйемелденді.

Семинар-кеңеске облыстық депратаменттер мен басқарма басшылары, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары және бөлім басшылары, бұқаралық ақпарат құралдар өкілдері қатысты.

Тақырып бойынша талқылауға барлық қатысушылар қызу қатысып, көкейлеріндегі сұрақтарға нақты жауаптар алды.

 
0
0
384

Осы тақырып бойынша

БҚО-да облыстық Департаменттер мен басқармалар басшылары «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» талқылады - Yvision.kz