ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

БҚО-да «Нұр Отан» партиясының жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өткізілді

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөңіндегі Қоғамдық кеңестің мәжілісі өтті.

Алдымен «Нұр Отан» партиясы Қаратөбе аудандық филиалының төрағасы А.Шахаровтың баяндауынша, ауданда сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында бұқаралық сипаттағы дөңгелек үстелдер мен бірнеше акция ұйымдастырылған. Алдағы уақытта да сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы бағдарламалық жұмыстар жалғаса бермек.

«Нұр Отан» партиясы Қаратөбе аудандық филиалындағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасының» орындалу барысы, мұнан кейін облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының 2015-2016 жылдар ішіндегі жемқорлыққа қарсы әрекеті туралы тыңдалды.

Содан, облыстық энергетика және тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары К.Шарафутдин баяндама жасады.

Сондай-ақ, шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша Департаменті басшысының орынбасары Нұртазин М. және Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы ХайруллинБ. қатысты.
«Нұр Отан» партисы филиалының жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің қатысушылары мемлекеттен көрсетілетін қызметтерді көрсету кезінде құқықбұзушылықтарға жол бермеу қажеттігіне назар аудартты. Ал партияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы Бағдарламасының іс-шаралар Жоспарын жүзеге асыру бойынша Қаратөбе аудандық әкімдіктің жұмысын қанағаттанарлық деп бағаланды.