ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

БҚО-да мобильдік топ үнемі қозғалыста

2017 жылдың 4 сәуірде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің жанындағы «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильдік топ мүшелері «Электр желілерін тарату компаниясы» АҚ БҚОФ-ның қызметкерлерімен кезекті кездесу өткізді.

Шара Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Ә.Исақовтың төрағалығымен, квазимемлекеттік сектор өкілдерінің және аталған саланың ардагерлерінің қатысуымен өткізілді.

Шара барысында мобильдік топ мүшелері қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға бағытталған еліміздің саясаты жөнінде түсіндірді.