БҚО-да мемлекеттік қызметшілерге «Мәңгілік Ел» идеясы түсіндірілді
Алғаш рет «Мәңгілік Ел» идеясын Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтқан болатын.
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы – ол құндылықтардың жүйесі, қазақстандық бірегейлік пен бірлік, қоғамдық келісім.
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы-тұрақты дамудың кепілі» атты тақырыптағы кеңейтілген кеңес шеңберінде, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің қолдауымен мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту орталығында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел жұмысына «Мирас» қоғамдық кеңесінің ақпараттық-насихат және «Халық бірлігі» эксперттік тобының мүшесі, академик, профессор, философия докторы Қазбек Майлыбайұлы Қазкенов, Департамент басшылығы және БҚО әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту орталығының тыңдаушылары, КазИИТУ-дың студенттері мен оқытушылары қатысты.
Өз сөзінде академик Қазбек Майлыбайұлы біздің еліміздің дамуында жоғарғы нәтижеге қол жеткізу үшін адамдардың ой-өрісін өзгерту керектігін атап өтті. Сондай-ақ, ол қазақстандық жастар жақсылыққа қарай ұмтылу қажет екендігін және әлемдік экономикадағы дағдарысқа байланысты сыртқы шақыртулар жағдайында біздің елімізге ұлттық «Мәңгілік Ел» идеясында көрініс тапқан рухани және әлеуметтік бағдарлар қажет деп сөзін айқындады.
Шара соңында қызықты әңгімелер айтылып, қатысушылардың тарапынан сұрақтар қойылды.
