БҚО-да мемлекеттік қызметшілерге біліктілікті арттыру жөнінде сертификаттар табыс етілді
Аймақтық оқыту орталықтары қосымша кәсіби білім беру институты ретінде ҚР-ның мемлекеттік қызметшілерді оқытудың бірыңғай жүйесінің бөлімі болып саналады және басқару органдарындағы кадрларды үнемі қайта даярлау және біліктілігін арттыруды жүзеге асырады.
Орталық әр курсты ұйымдастыру мен оны іске асыруда жоғарғы кәсіби деңгейімен ерекшеленеді. Бұнда ғылым докторлары мен кандидаттар, профессорлар, академиктер және мемлекеттік органдардың тәжірибелі басшылары білім береді.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті жергілікті орталықпен тығыз байланыста. Әр курс бойы Департамент басшылығы тыңдаушылар алдында дөңгелек үстелдер, конференциялар, дәрістер, семинарлар және түсіндіру жұмыстарын өткізіп отырады.
2017 жылдың 10 ақпанда Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту орталығында оқыту семинарынан кейін оқуын аяқтаған мемлекеттік қызметшілерге сертификаттар табыс етілді.
Аталған шараға Департамент басшысының орынбасары Нұртазин М.С., Орталық басшылығы және мемлекеттік қызметшілер қатысты.
Нұртазин М.С. қызметшілерге сертификаттарды табыстай отырып, кәсіби, бәсекеге қабілетті және Қазақстанды әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарында болуына өзіндік үлес қосатын мемлекеттік қызметшілерді даярлаудағы орталықтың жұмысының рөлінің ерекше екендігін атап өтті. Сондай-ақ, ол «100 нақты қадам» ұлт Жоспарында көрсетілген мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің практикалық жүзеге асырылуы жөнінде түсіндіріп өтті.
