ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

БҚО-да мемлекеттік қызметшілерді кешенді аттестаттау бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасуда

«Б» корпусы қызметшілерін аттестаттаудан өткізудің негізгі жолдарын түсіндіру мақсатында  2017 жылдың  13  наурызда Орал  қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы  мен жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінің мемлекеттік қызметшілерімен «Б» корпусы қызметшілерін аттестаттаудан өткізудің  кейбір мәселелері» тақырыбында кездесу өткізді.

Кездесудің мақсаты аттестаттаудың әңгімелесу кезеңінің жүзеге асырылу барысын  егжей-тегжейлі түсіндіру болып  табылады.

«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттаудан өткізу тәртібі бойынша Департамент басшысының орынбасары М.Нұртазин қатысушыларға «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 
15-ші қадамына сәйкес көзделген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін  кешенді аттестаттаудың негізгі сәттеріне тоқталып, аттестаттаудан өткізудің әңгімелесу кезеңінің өткізу тәртібін   нақты түсіндірді.

Семинар барысында қатысушылардың аттестаттау туралы қойған сұрақтарына түсіндірме берілді.