Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

БҚО-да әдістемелік семинар-кеңес өткізілді

2017 жылдың 16-мамыр күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментіаудан әкімдері аппаратының мемлекеттік қызмет кадрларының жай-күйіне жауапты персоналды басқару бөлімдерінің  басшыларымен әдістемелік семинар-кеңес өткізді.

Шара барысындадепартамент басшысының орынбасары Нуртазин М.С 23 маусым Мемлекеттік қызметші күніне арналған «ҚР үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар туралы, мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Масимова В.Н. «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу тәртібі туралы», департаментің мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының басшысы Муратов Ж.М мемлекеттік қызмет саласын бақылау бойынша жүргізілген тексерулер барысында анықталған заң бұзушылықтар туралы,мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас  маманы  Есмухашев Е.Н көрсетілетін мемлекеттік қызметтер есебін «Е-қызмет» жүйесіне енгізу, мемлекеттік қызмет басқармасының бас  маманы  Ильясов Н.Т «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі туралы, тақырыптар аясында семинар кеңеске қатысушыларға жан-жақты түсіндіріліп, қатысушылар  тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.

 
0
0
206

Осы тақырып бойынша