БҚО-да Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін үйлестіру тақырыбы талқыланды
2017 жылдың 6 қазанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен «Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі» атты семинар-кеңес өткізілді.
Семинар-кеңес жұмысына БҚО әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Айгүл Оразқызы Есекенова, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық облыстық бөлімшелерінің және жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдің міндеттері жүктелген мемлекеттік қызметшілері қатысты.
Кеңесті кіріспе сөзбен Департамент басшысы, әдеп жөніндегі Кеңес төрағасы Б.Исақов ашып, одан кейін Департамент басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі Кеңес хатшылығының меңгерушісі А.Жұбаныш сөз беріліп, ол «Мемлекеттік қызметшілермен қызметтік әдеп қағидаларын сақтау жағдайы» тақырыбында баяндап өтті.
Одан әрі, «Әдеп жөніндегі уәкілінің негізгі функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру» тақырыбында БҚО әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі А.Есекенова баяндама оқып, әдеп жөніндегі уәкілдің қызметінің негізгі бағаттары бойынша түсіндіріп өтті.
Сондай-ақ, Департаменттің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Ж.Мұратов «Әдеп жөніндегі уәкілмен ұсынылатын есеп нысаны» тақырыбында баяндап, әдеп жөніндегі уәкілдердің тапсыратын есебі туралы таныстырды.
Өз кезегінде, семинарға қатысушы әдеп жөніндегі уәкілдер өз сұрақтарын қойып, оларға қолданыстағы заң нормаларына сай жан-жақты жауаптар берілді.
Семинар қорытындысы бойынша кеңес отырысына қатысушыларға жүктелген міндеттері бойынша нақты ұсыныстар берілді.
