БҚО-да әдеп жөніндегі Кеңестің кезекті отырысы өткізілді
ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің БҚО-дағы Әдеп жөніндегі кеңесінің 2016 жылдың 26 сәуірінде өткен кезекті отырысында Теректі ауданының әкімі мен сол ауданның кейбір басшы лауазымдағы мемлекеттік қызметшілеріне қатысты тәртіптік істер қаралды. Атап айтқанда:
- Теректі аудандық прокуратурасының шаруа қожалығына бір жылға жалға берілген жер телімінің пайдлану мерзімін ұзартудан заңға сыйымсыз бас тарту мәселесіне қатысты ұсынысы негізінде, Теректі ауданының әкімі Ж.С.Серікқалиевке, Теректі ауданы әкімінің орынбасары Л.Ж.Уалиевке, Теректі ауданының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы Е.Н.Досмаковқа, Теректі ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық және кадр жұмысы бөлімінің басшысы С.С.Идрескалиевке және Теректі ауданының тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының бөлім басшысы К.И.Жангалиеваға қатысты тәртіптік істер қаралып, оның қорытындысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңеспен жоғарыда аталған тұлғалардың іс-әрекеттерінде мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылық жасау белгілерінің анықталмауына байланысты, тәртіптік істерді тоқтату жөнінде шешім қабылданды.
Алайда Әдеп жөніндегі кеңес, аталған комиссия жұмысын үйлестіруді дұрыс жолға қоймай, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары талаптарының бұзылуына жол бергені үшін, комиссия төрағасы - аудан әкімінің орынбасары Л.Ж.Уалиевке «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдану жөнінде аудан әкіміне ұсыныс беру туралы шешім қабылдады.
- Сонымен қатар, Теректі ауданы прокуратурасының ұсынысы негізінде, бөлімге бағынысты шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК-ның директорымен мемлекетке келтірілген материалдық шығындарды төлету бойынша шаралар алмау фактісі бойынша Теректі ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Е.Н.Досмаковқа қатысты тәртіптік іс қаралды.
Тәртіптік істі қарау қорытындысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңеспен, мемлекеттік қызметке кір келтіретін құқық бұзушылық жасағаны үшін Теректі ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Е.Н.Досмаковқа «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы Теректі ауданы әкіміне ұсыныс жасау жөнінде шешім алынды.
