БҚО-да Әдеп жөніндегі кеңес отырысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау қорытындылары қаралды
2017 жылдың 27 қаңтарында өткен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңес отырысында, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау қорытындыларын, мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасы бойынша жұмысының қорытындыларын және тәртіптік практиканы талдау қорытындылары негізінде мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының жұмыс нәтижелерін қарау мәселелері көтеріліп, Батыс Қазақстан облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы мен Жаңақала аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшылары және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының лауазымды тұлғаларына қатысты тәртіптік істер қаралды.
Алдымен, Әдеп жөніндегі кеңес отырысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысындағы Департаментімен, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Батыс Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау қорытындылары қаралып, аталған мекемеде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бағытында алынған шаралар жөнінде Департамент бастығының орынбасары Жақсылық Айтбаевтың есебі тындалды.
Мәселенің қаралу қорытындысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңесімен, Қорғаныс істері жөніндегі департаменті тарапынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бағытында алынған шаралар түбегейлі еместігі аталып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға қатысты бұрын берілген ұсынысқа қайта оралуын ұсыну жөнінде шешім қабылданды.
Әрі қарай, Кеңес отырысында облыстық аумақтық мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссияларымен 2016 жылы атқарылған жұмыс нәтижелерін талдау қорытындылары қаралып, отырыс барысында аумақтық мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссиялармен мемлекеттік қызметшілерге қатысты тәртіптік істерді қарау кезінде, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңы мен мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларының кейбір талаптары сақталмайтындығы аталып, БҚО Ішкі істер департаментінің, БҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясының, БҚО тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің, БҚО Қазынашылық департаментінің тәртіптік комиссия төрағаларының есептері тындалды.
Есептерді тындау қорытындысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңесімен, мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану мәселесі бойынша жоғарыда аталған қағида талаптарын қатаң сақтау және тәртіптік комиссия жұмысын тиісті деңгейде ұйымдастыру жөнінде Батыс Қазақстан облысының аумақтық мемлекеттік орган басшыларына ұсыныс жолдау жөнінде шешім қабылдады.
Сондан соң, Әдеп жөніндегі кеңесімен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың бұзушылық профилактикасы мәселесі бойынша Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы мен Батыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан атқарылған жұмыс қорытындылары қаралып, оның нәтижесі бойынша Кеңес тарапынан, аталмыш мемлекеттік орган басшыларына қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтардың профилактикасына бағытталған нақты іс-шаралар жоспарын жасақтау жөнінде ұсыныс жолдау туралы шешім қабылдады.
Бұдан әрі, Кеңес отырысында Бөрлі аудандық аумақтық инспекциясының басшысы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына қабылдау бойынша конкурс өткізу барысында, осы лауазымға белгіленген біліктіліп талаптарына сай келмейтін үміткерді қабылдау арқылы конкурс өткізу қағидалары талаптарын бұзу фактісі бойынша, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының конкурстық комиссия төрағасы мен мүшелерінің, яғни облыстық аумақтық инспекциясының бөлім басшылары Алма Бисенова мен Галымжан Шакеновке, Тасқала аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Галимжан Кенжешевке және Зеленов аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Арстангали Ярлыгасимовқа қатысты тәртіптік істері қаралып, нәтижесінде Әдеп жөніндегі кеңесімен ҚР «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 50 бабының 1 тармағының 3) және 4) тармақшаларымен көзделген мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін А.Б.Бисеноваға, Г.Т.Шакеновке және Г.А.Кенжешевке «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жазаларға қолдану туралы Инспекция басшысына ұсыныс беру жөнінде шешім қабылданды.
Ал, Зеленов аудандық аумақтық инспекциясының басшысы А.Ярлыгасимовтың зейнеткерлік жасына толуына байланысты оған қатысты қозғалған тәртіптік іс, тоқтатылды.
Осымен қатар, Әдеп жөніндегі кеңес отырысында Орал қалалық №2 сотының жеке ұйғарымы негізінде Батыс Қазақстан облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы басшысы Салауат Нұрғалиевтің, өз қарамағындағы мемлекеттік қызметшілерге тиісті деңгейде бақылау жүргізбеу салдарынан Әдеп кодексі нормаларын бұзу мәселесі бойынша тәртіптік ісі қаралып, нәтижесінде аталған теріс қылық бойынша тәртіптік жаза қолдану мерзімінің өтуіне байланысты С.Нұрғалиевке қатысты тәртіптік іс тоқтатылды.
Соңында, Әдеп жөніндегі кеңесімен Жаңақала ауданы прокуратурасының аббаттандыру объектісіне қатысты құрылыстың техникалық-экономикалық көрсеткіштерін қозғайтын жобалау-сметалық құжаттаманы мемлекеттік сараптамадан өтуінсіз түзету жүргізіп, ҚР «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңының 50 бабының 1 бөлігінің 4 тармағында көзделген мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтар жасау мәселесіне қатысты Жаңақала аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нурлан Беисовке қатысты ұсынысы қаралып, нәтижесінде аталған теріс қылық бойынша тәртіптік жаза қолдану мерзімінің өтуіне байланысты аталған тұлғаға қатысты тәртіптік іс тоқтатылды.
