БҚО-да «Азаматтық бақылау» жобасының шеңберінде қоғамдық қабылдау 100-ден аса адамды қабылдады
«БҚО Азаматтық Альянсы» Ассоциациясы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің әлеуметтік тапсырысы аясында «Азаматтық бақылау» жобасының шеңберінде қоғамдық қабылдауда азаматтарға қабылдау жүргізеді.
Жоба басталғалы қоғамдық қабылдау 100-ден аса адамды қабылдады. Сондай-ақ, қабылдауларда мемлекеттік органдардың басшылары «facebook» әлеуметтік желісі арқылы келіп түскен көптеген сұрақтарға жауап берді.
2016 жылдың 14 желтоқсанда қоғамдық қабылдауда Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Болат Әлмұханұлы Исақов облыс тұрғындары үшін қабылдау өткізді.
Қабылдауға келушілер орта арнаулы біліммен мемлекеттік қызметке орналасу, мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жазасын мерзімінен бұрын алып тастау, Департаменттен оқу тағылымдамадан өту бойынша сұрақтарын қойып, мемлекеттік қызметке өту үшін сынама тестілеуді ақылы түрде енгізу жөнінде ұсыныстарын берді. Қабылдау барысында Департамент басшысы Б.Исақов тұрғындардың сұрақтарына нақты жауаптар берді.
