БҚО-да арнайы мониторингтік топтың кезекті отырысы өткізілді
2017 жылдың 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы іске асыруды сыртқы талдау және бағалау жөніндегі Батыс Қазақстан облысындағы арнайы мониторингтік топтың кезекті отырысы өткізілді.
Шараға арнайы мониторингтік топ мүшелері, Агенттік өкілдері, ұлттық мәдени орталықтар жетекшілері, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, департамент пен басқарма басшылары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар Жоспарының жобасы, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарының мониторинг нәтижесі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асыру жоспарының 2017 жылдың І-ші жартыжылдығында орындалуы, мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстары қаралды.
Мемлекеттік органдардың басшылары мен өкілдері баяндамалар жасады: атап айтсақ, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты департаментінің директоры С.Мүксімов, БҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, БҚО денсаулық сақтау басқармасы, БҚО жер қатынастары басқармасы, БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы өкілдері.
Сонымен бірге, «БҚО Азаматтық Альянсы» қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті А.Туркина мемлекеттік органдар мен ұйымдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарының мониторинг нәтижесі туралы ақпараттандырды.
Шара соңында 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар Жоспарының жобасына ұсыныстар мен пікірлер айтылды.
