Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

БҚО-да арнайы мониторингтік тобының кезекті отырысы өтті

2019 жылдың 11 сәуірде Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыруды сыртқы талдау және бағалау жөніндегі Батыс Қазақстан облысындағы арнайы мониторингтік топтың кезекті отырысы өткізілді.

Шараға арнайы мониторингтік топ мүшелері, үкіметтік емес ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Сонымен қатар, аталған отырысқа аудандық арнайы мониторингтік тобының мүшелері бейнеконференцбайланысы арқылы қосылды.

Күн тәртібінде денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар туралы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі облыстық іс-шаралар жоспарының орындалуы, оқу орындарында жүргізілген сауалнама қорытындысы және Арнайы мониторинг тобы мүшелеріне арналған жадынаманың жобалары талқыланды.

Кезекті отырысқа Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Исақов қатысып, облыстық арнайы мониторингтік тобы қызметінің маңыздылығын атап өтті.

Шара барысында мониторингтік тобының мүшелері мен қатысушылар өз ұсыныс-пікірлерімен алмасты.

1
0
305

Осы тақырып бойынша