БҚО-да «Адал ұрпақ», «Саналы ұрпақ» клубтарының онлайн конференциясы өтті
2020 жылдың 19 қараша күні «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары және «Саналы ұрпақ» клуб өкілдерінің қатысуымен «Біздің таңдауымыз – заңдылық»тақырыбында онлайн конференциясы ұйымдастырылды.
Шара барысында қатысушыларды БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин құттықтап, Сыбайлас жемқорлықпен күресудің заңнамалық базасын жетілдіру туралы ақпараттандырды.
Орал қаласы білім беру бөлімінің тәрбие әдіскері Т.А.Темиршеева «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмысымен таныстырды.
Облыста 307 «Адал ұрпақ» клубының 5834 оқушы мүшесі болып табылса, оның ішінде 585 белсенді көшбасшысы бар.
Сонымен қатар, конференция жұмысы кезінде «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесі қатарына салтанатты түрде қабылдау ұйымдастырылып, «Адалдық» тақырыптарында өлеңдер оқылды.
«Саналы ұрпақ» жобасы саясында өңірдегі 4 жоғары оқу орындары мен барлық колледждерде 34 жобалық кеңсесі жұмыс жасайды, 1055 клуб мүшесі бар. Жыл басынан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта 1734 іс-шара өтті.
Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.
