Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

БҚО-да «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының жетекшілеріне арналған семинар өткізілді

2016 жылдың 24 желтоқсанда Орал қаласының Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінде «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының жетекшілеріне арналған семинар өтті.

Семинар жұмысына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің өкілі, қалалық білім беру бөлімінің әдіскері, «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы және қалалық мектептердің ұстаздары қатысты.

Шара барысында еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты, «adaldyk.kz» интернет-сайты, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы Ашық келісім, «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының қауымдастығын құру мәселелері талқыланды.

Семинарға Департаменттің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин баяндама жасап, көтерілген мәселелер бойынша түсініктер берді.

 
0
0
844

Осы тақырып бойынша

БҚО-да «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының жетекшілеріне арналған семинар өткізілді - Yvision.kz